ЦЭТВ сигналымен қамтылмаған елді мекендер
Аумағында ЦЭТВ сигналының таратылуы техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілмейтін елді мекендерде телерадиоарналарды қабылдау үшін хабар таратудың баламалы тәсілдерін пайдалану ұсынылады.
Телерадиосигналды қабылдаудың баламалы тәсілдері:
OTAU TV спутниктік теледидары — Қазақстан Республикасы аумағының 100%-ын, соның ішінде шалғайдағы елді мекендерді де қамтиды. Қосылу үшін спутниктік антенна және DVB-S2 стандартындағы ресивер қажет. Кабельдік және IP-теледидар — елді мекенде техникалық мүмкіндік болған жағдайда. Интернет-теледидар (OTT), GALAMTV — интернет желісіне қолжетімділік болған жағдайда.