Көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа

Режим для слабовидящих
Қаріп өлшемі
Бейнелеу баптаулары
Видеоны жасыру
Ақ-қара режим
Kazteleradio

Цифрлық эфирлік телевизия жиіліктерінің өзгеруі: кімдерге арналарды қайта баптау қажет болады

Цифрлық эфирлік телевизия жиіліктерінің өзгеруі: кімдерге арналарды қайта баптау қажет болады

Қар. 11, 2026
Цифрлық эфирлік телевизия жиіліктерінің өзгеруі: кімдерге арналарды қайта баптау қажет болады

Құрметті телекөрермендер!

2026 жылғы 16 қараша мен 25 желтоқсан аралығында «Қазтелерадио» АҚ жекелеген радиотелевизиялық станцияларда цифрлық эфирлік телевидение жиіліктерін жоспарлы түрде өзгертеді. Жұмыстар Қазақстанда 5G мобильді байланысын дамыту үшін жиіліктерді босатуға байланысты жүргізіледі.

Өзгерістер цифрлық эфирлік телевидениені кәдімгі телевизиялық антенна арқылы көретін және жұмыстар жүргізілетін станциялардан сигнал қабылдайтын көрермендерге қатысты болады.

Бұл станциялар Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында орналасқан.

Қайта баптау аталған облыстардың барлық тұрғындарына емес, тек жекелеген елді мекендердегі көрермендерге қажет болуы мүмкін. Осы жаңалыққа қоса берілген тізімде елді мекеніңіздің бар-жоғын тексеріңіз. Егер ол тізімде көрсетілсе, жиіліктер өзгергеннен кейін арналарды қайта іздеу қажет болуы мүмкін.

Өзгерістер OTAU TV спутниктік телевидениесіне, кабельдік және интернет-телевидениеге қатысты емес.

Егер көрсетілген кезеңде телеарналарыңыз көрсетпей қалса, автоматты іздеуді іске қосыңыз. Теледидарды алдын ала қайта баптаудың қажеті жоқ. Барлық арналар көрсетіп тұрса, қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ.

Автоматты іздеуді қалай іске қосуға болады?

Теледидар пульті арқылы «Мәзір» немесе «Баптаулар» бөлімін ашыңыз. Цифрлық приставканы пайдалансаңыз, оның пультін қолданыңыз.

«Арналарды баптау» немесе «Арналарды іздеу» бөліміне өтіңіз.

«Автоматты іздеу» тармағын таңдаңыз. Құрылғы сигнал көзін таңдауды ұсынса, «Антенна» немесе «Эфирлік ТВ» нұсқасын көрсетіңіз.

Іздеу аяқталғанша күтіңіз және қажет болған жағдайда табылған арналарды сақтаңыз.

Мәзір тармақтарының атаулары құрылғы моделіне қарай өзгеше болуы мүмкін.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және телебағдарламаларды тамашалаудан жағымды әсер алуларыңызды тілейміз!

Охват 57 РТС ЦЭТВ

Хабарламаңызды жазыңыз

Онлайн кеңесші