"Қазтелерадио" АҚ Алматы қаласының, сондай-ақ Алматы облысының іргелес аудандарының тұрғындары мен қонақтарын "Көк-Төбе"Радиотелевизиялық станциясында (РТС) жоспарлы-профилактикалық және жоспардан тыс монтаждау жұмыстарын жүргізу туралы хабардар етеді.
2026 жылғы 21-22 қазанда Алматы қаласында және жақын маңдағы аудандарда теледидар мен радио хабарларын таратудағы уақытша үзілістер.

"Қазтелерадио" АҚ Алматы қаласының, сондай-ақ Алматы облысының іргелес аудандарының тұрғындары мен қонақтарын "Көк-Төбе"Радиотелевизиялық станциясында (РТС) жоспарлы-профилактикалық және жоспардан тыс монтаждау жұмыстарын жүргізу туралы хабардар етеді.
Жұмыстың мақсаты мен сипаты
Телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде "Көк-Төбе" телемұнарасында 275-282 метр биіктікте заманауи FM-диапазонды антенна жүйесін монтаждау жұмыстары орындалатын болады. Бұл техникалық іс-шаралар радиохабарлардың сапасын, тұрақтылығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
Жұмыс кестесі және шектеулер
Теле-және радио хабарларын тарату сервистерін таратуды уақытша тоқтата тұру мынадай кесте бойынша жүзеге асырылатын болады:
2026 жылғы 21 қазан: 07:00-ден 17:00-ге дейін (тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстармен ұштастыру шеңберінде);
2026 жылғы 22 қазан: 07:00-ден 17:00-ге дейін (монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын жалғастыру).
"Қазтелерадио" АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және көрермендер мен радио тыңдаушыларға түсіністік үшін алғыс білдіреді!

