Көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қаріп өлшемі
Бейнелеу баптаулары
Видеоны жасыру
Ақ-қара режим
Kazteleradio

Асқар Әбілов «Қазтелерадио» АҚ-ның қаржы блогын басқарды

«Қазтелерадио» АҚ қаржы директорының тағайындалуы

Там. 25, 2026

фин дир 2

Асқар Жарылқасынұлы Әбілов «Қазтелерадио» АҚ-ның қаржы директоры болып тағайындалды. Оның экономика және қаржы саласында 28 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, соның ішінде ірі қазақстандық және халықаралық компаниялардың қаржы бөлімшелерін басқарған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімін АҚШ-тағы Йель университетінде жалғастырып, онда «Халықаралық және қолданбалы экономика» бағыты бойынша экономика магистрі (Master of Arts in Economics) дәрежесін алды.

Оның кәсіби қызметінің басым бөлігі энергетика және инфрақұрылым секторларымен байланысты. Әр жылдары ол «Азиялық Газ құбыры» ЖШС Бас директорының экономика жөніндегі орынбасары, «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, сондай-ақ «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Халықаралық басқарушылық тәжірибесі мол. Бухарест қаласында KMG International құрылымына кіретін KMG Rompetrol компаниясының Қаржы және тәуекелдерді басқару жөніндегі бас директоры (Group Chief Officer Finance & Risk Management) лауазымын атқарды. Сонымен қатар, Rompetrol Rafinare S.A. жария компаниясының Директорлар кеңесі мен Аудит жөніндегі комитетінің құрамында болды.

Оның кәсіби құзыреттілігі корпоративтік қаржы, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау, тәуекелдерді басқару, инвестициялық жобаларды бағалау және бизнес-процестердің тиімділігін арттыру салаларын қамтиды.

Асқар Әбілов сондай-ақ «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-ның қаржы директоры, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша сарапшы болып жұмыс істеді.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, румын тілін базалық деңгейде біледі. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің естелік белгісімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғысымен марапатталған.

Қаржы, тәуекелдерді басқару және стратегиялық жоспарлау саласында көпжылдық тәжірибесі бар басшының тағайындалуы «Қазтелерадио» АҚ-ның қаржы блогын нығайтады. Оның кәсіби сараптамасы компанияның қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, ішкі бизнес-процестерді жетілдіруге және инвестициялық әрі технологиялық жобаларды тиімді іске асыруға ықпал етеді.

«Қазтелерадио» АҚ Қазақстан Республикасының телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы ретінде цифрлық эфирлік телехабар таратуды, «OTAU TV» жерсеріктік теледидарын және «GALAM TV» интернет-теледидарын жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда. Басқарушылық топтың күшеюі компанияның орнықты дамуы мен алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуінің қосымша факторына айналады.

«Қазтелерадио» АҚ ұжымы Асқар Жарылқасынұлына жұмысына табыс, алға қойылған міндеттерді тиімді іске асыруды және жаңа кәсіби жетістіктер тілейді.

Хабарламаңызды жазыңыз

Онлайн кеңесші