ЦЭТВ бос слоттары мен тарифтері
Телеарнаңызды Қазақстанның цифрлық эфиріне орналастырыңыз
«Қазтелерадио» АҚ телекомпанияларға мемлекеттік цифрлық эфирлік телерадиохабар тарату (ЦЭТВ) инфрақұрылымына қосылу арқылы хабар тарату желісін кеңейтудің коммерциялық мүмкіндігін ұсынады.
Бұл бетте радиотелевизиялық станциялардың (РТС) техникалық сипаттамалары мен хабар таратудың бекітілген тарифтері көрсетілген көпарналы цифрлық мультиплекстердегі (1 MUX және 2 MUX) қолжетімді бос слоттар туралы өзекті ақпарат берілген.

