Жігерлілік пен жеңіске деген ұмтылыс: «Қазтелерадио» АҚ Астанадағы Спартакиадада
Жігерлілік пен жеңіске деген ұмтылыс: «Қазтелерадио» АҚ Астанадағы Спартакиадада
Жігерлілік пен жеңіске деген ұмтылыс: «Қазтелерадио» АҚ Астанадағы Спартакиадада Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында Спартакиада өтті. «Қазтелерадио» АҚ командасы жоғары дайындық деңгейін, мұқалмас қажыр-қайрат пен жеңіске деген шынайы ұмтылысын көрсетті. Әріптестеріміз компания намысын абыроймен қорғап, бірнеше спорт түрінен жүлделі орындарға ие болды: 1-орын (Қол күресі, 80 кг-ға дейін): Бадыртенов Сергей Асхатович — «Октябрьское» РТС 5-разрядты электр монтері (Шығыс филиалы). 1-орын (Қазақ күресі, 90 кг-ға дейін): Матниязов Нурым Сабырович — БҚО бас энергетигі (Батыс филиалы). 2-орын (Шахмат): Сандыбаева Асия — Жерүсті телерадиохабарларын тарату жүйелері дирекциясының (ЖТХТД) заңгері. 2-орын (Қол күресі, +90 кг): Экзеков Заурбек Курманбиевич — Деректерді беру желісін пайдалану бөлімінің жетекші инженері (ЖТХТД). 2-орын (Қол күресі, 90 кг-ға дейін): Базарбеков Ақниет Нұрланбекұлы — АМҚ (антенна-мачталық құрылыстар) жөніндегі жетекші маман (Батыс филиалы).





Спортшыларымызды жарқын нәтижелерімен құттықтаймыз! Сіздердің күш-жігерлеріңізді, табандылықтарыңызды және өз істеріңізге деген адалдықтарыңызды мақтан тұтамыз. Спортта да, кәсіби қызметте де жаңа жеңістер мен биік асуларды бағындыруды тілейміз!

