Көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа

Режим для слабовидящих
Қаріп өлшемі
Бейнелеу баптаулары
Видеоны жасыру
Ақ-қара режим
Kazteleradio

Рахымжан Жандосұлы Жандосов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — техникалық директоры болып тағайындалды

Рахымжан Жандосұлы Жандосов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — техникалық директоры болып тағайындалды

Қар. 4, 2026
Рахымжан Жандосұлы Жандосов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — техникалық директоры болып тағайындалды

Рахымжан Жандосұлы Жандосов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — техникалық директоры болып тағайындалды

Рахымжан Жандосұлы Жандосов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — техникалық директоры, Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды. Оның жалпы және телерадиохабар тарату саласындағы еңбек өтілі 18 жылды құрайды. Ол техникалық лауазымдардан бастап компания филиалының басшысына дейінгі кәсіби жолдан өтті.

Алматы энергетика және байланыс институтын «Радиобайланыс, радиохабар тарату және телевидение» мамандығы бойынша бітіріп, «инженер» біліктілігін алған.

Кәсіби қызметінің елеулі бөлігі телерадиохабар тарату желілерін техникалық пайдаланумен байланысты. Еңбек жолын 2007 жылы «2 Day Telecom» ЖШС-де 1-санатты инженер болып бастады. Онда VSAT спутниктік байланыс жабдықтарын монтаждау, дәлдеп баптау және сервистік қызмет көрсету жұмыстарын атқарды. Сондай-ақ Ембі қаласында спутниктік желінің жетекші инженері лауазымында ұялы байланыс операторларының спутниктік байланыс арналарының жұмысын қамтамасыз етті.

2008 жылғы қыркүйектен бастап «Қазтелерадио» АҚ-да жұмыс істейді. Ақтөбе облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының Ембі РТСМ 1-санатты технигі, Маңғыстау облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының Ақтау РТС жетекші инженері, авариялық-профилактикалық қызметтің 2-санатты технигі және РТС цифрлық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі 1-санатты инженер лауазымдарын атқарды. 2019 жылғы шілдеде Ақтөбе облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының бас инженері, 2022 жылғы маусымда директордың орынбасары — бас инженер, 2023 жылғы сәуірде филиал директоры болып тағайындалды. Ал 2025 жылғы маусымнан бастап «Қазтелерадио» АҚ «Батыс» филиалы директорының инфрақұрылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Рахымжан Жандосов байланыс инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі ауқымды жобаларға белсенді қатысты:

  • 2013 жылы Ақтөбе облысында цифрлық эфирлік телевизиялық хабар таратуды (ЦЭТВ) енгізуге, соның ішінде Ақтөбе РТС-інде ЦЭТВ-ны іске қосуға және 81 елді мекенге арналған құжаттаманы дайындауға қатысты.
  • 2020 жылы Ақтөбе облысының бес РТС-інде (Хромтау, Қандыағаш, Ембі, Байғанин және Шалқар) ЦЭТВ-ны қабылдау және іске қосу жұмыстарына төрағалық етті.
  • 2025 жылы Атырау облысының бес РТС-інде (Аққыстау, Асан, Балқұдық, Жалғызапан және Батырбек) жобаны аяқтауға және ЦЭТВ-ны іске қосуға, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының 49 РТС-інде ЦЭТВ-ны іске қосу үшін бригадаларды жасақтауға қатысты.
  • Оның басшылығымен және тікелей ұйымдастыруымен 2023–2024 жылдары Ақтөбе және Атырау облыстарындағы нысандарда антенна-діңгек құрылыстарын (АДҚ) қалпына келтіру және бояу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы бірқатар батыс өңірлерінде FM-таратқыштар жаңғыртылды, ал 2026 жылы ол телерадиохабар тарату жабдықтарын жөндеу зертханасын іске қосуға қатысты.

Біліктілігін тұрақты түрде арттырып отырады: Астанада және Германияда Rohde & Schwarz компаниясының DVB-T2 таратқыштарын пайдалану бойынша оқудан, TeleNota ServiceDesk мониторинг жүйелері бойынша курстардан, сондай-ақ азаматтық қорғау және еңбек заңнамасы салаларындағы даярлықтан өтті.

Өңірдегі телерадиохабар таратуды дамытуға қосқан үлесі үшін 2018 жылы филиал директорының алғыс хатымен, 2020 жылы «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Желіні техникалық пайдаланудың барлық деңгейінде, цифрлық телевизиялық хабар таратуды енгізуде және техникалық қызметтерді басқаруда көпжылдық практикалық тәжірибесі бар басшының тағайындалуы «Қазтелерадио» АҚ басшылық құрамын нығайта түседі. Оның кәсіби білімі мен тәжірибесі компанияның инфрақұрылымдық нысандарының үздіксіз жұмыс істеуіне және одан әрі жаңғыртылуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ цифрлық эфирлік телевизиялық хабар таратуды, «OTAU TV» спутниктік телевидениесін және «GALAM TV» интернет-телевидениесін жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда. Басқарушы команданың нығаюы компанияның тұрақты дамуына және алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне қосымша серпін береді.

«Қазтелерадио» АҚ ұжымы Рахымжан Жандосұлына қызметінде табыс, алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыруды және жаңа кәсіби жетістіктер тілейді.

Рахымжан Жандосұлы Жандосов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — техникалық директоры болып тағайындалды

Хабарламаңызды жазыңыз

Онлайн кеңесші