«Қазтелерадио» АҚ басшылығы мен негізгі басшылары ҚР Президентінің Алғысына ие болды
«Қазтелерадио» АҚ басшылығы мен негізгі басшылары ҚР Президентінің Алғысына ие болды
Бұқаралық ақпарат құралдары және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында отандық телерадио хабарларын тарату операторы басшылығының қызметі мемлекеттік деңгейде жоғары бағаға ие болды.
«Қазтелерадио» АҚ ұжымы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысының бірден Қоғамның екі негізгі өкіліне — Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ансар Маратұлы Капиятовқа және «Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарату дирекциясы» филиалының директоры Олег Анатольевич Костомаровқа берілуі айтулы оқиға болды.
Бұл жоғары марапат — олардың кәсіби борышын мінсіз атқаруының және отандық медиа саласы мен ақпараттық кеңістіктің көкжиегін кеңейтуге әрі дамытуға қосқан қомақты үлесінің танылуы.
«Қазтелерадио» АҚ ұжымы Ансар Маратұлы мен Олег Анатольевичті жоғары мемлекеттік марапатқа ие болуларымен шын жүректен құттықтайды және кәсіби қызметтерінде алдағы уақытта да табыс тілейді.


