2026 жылғы 14 қазанда Данияр Құдайбергенұлы Бекқожаев «Қазтелерадио» АҚ әкімшілік директоры болып тағайындалды.
«Қазтелерадио» АҚ әкімшілік директорының тағайындалуы

Данияр Бекқожаевтың мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында 20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Осы кезеңде басшылық лауазымдарда да жұмыс істеген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде бастаған. Әр жылдары «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «Азиялық Газ Құбыры» ЖШС-де жұмыс істеген. «Қазсушар» РМК мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың заң бөлімшелеріне басшылық еткен.
2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының Әкімшілік-құқықтық басқармасын басқарған. Кейін «Қазақстан қор биржасы» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-да жұмыс істеген. «Қазтелерадио» АҚ-ға тағайындалғанға дейін «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК заң бөлімін басқарған.
Оның кәсіби тәжірибесі құқықтық қамтамасыз ету, әкімшілік-құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бағыттарын қамтиды.
«Қазтелерадио» АҚ ұжымы Данияр Құдайбергенұлын тағайындалуымен құттықтап, жұмысына табыс тілейді.

