Директорлар Кеңесінің Құрамы
Балаева Аида Ғалымқызы
Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі
ПодробнееТуған күні: 1974 жылғы 4 шілде
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Қазіргі Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: 2024 жылғы 3 шілде
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Ақционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазтелерадио» АҚ Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және компанияның өзге де ішкі құжаттарымен реттеледі.
Білімі:
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Мамандығы: Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.
Мамандығы: Заңгер.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. 2024 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымын атқаруда.
1999–2004 жж.: ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының Қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы; Алматы қалалық Ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушы;
2004–2006 жж.: Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының бірінші орынбасары;
2006–2008 жж.: Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры;
2008–2010 жж.: Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры, Ішкі саясат басқармасының бастығы;
02.2010–12.2014 жж.: Астана қаласы әкімінің орынбасары;
30.12.2014–07.2019 жж.: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
22.07.2019–04.05.2020 жж.: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі;
04.05.2020–11.01.2022 жж.: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі (2021 жылғы 18 қаңтарда қайта тағайындалды);
11.01.2022–01.09.2023 жж.: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
2024 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
«Қазтелерадио» АҚ акцияларына иелік етуі: акциялары жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: иелік етпейді.

