Ru | Kz

Версия для слабовидящих

Размер шрифта
Настройки отображения
Скрыть видео
Черно-белый режим

Жалпы ақпарат

«Қазтелерадио» АҚ (QTR) — Қазақстан Республикасының телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы..

Компания ел аумағы бойынша теле- және радиосигналдардың тұрақты әрі үздіксіз таратылуын қамтамасыз етеді, цифрлық инфрақұрылым мен заманауи медиа-сервистерді дамыта отырып, Қазақстанның біртұтас ақпараттық кеңістігінің қалыптасуына септігін тигізеді.

QTR озық технологияларды, тармақталған тарату нысандарының желісін және кәсіби мамандар ұжымын біріктіре отырып, мегаполистерден бастап ең шалғай елді мекендерге дейінгі азаматтардың ұлттық телерадиохабарларға тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді.


Миссиясы

QTR — еліміздің ақпараттық кеңістігінің дамуы мен тұрақтылығына ықпал ететін Қазақстан Республикасының телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы.


Мақсаттары

— Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық ресурстарға тең әрі кепілді қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

— корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

Пайымы

QTR — Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін ұлттық телерадиохабар тарату желісіне тең әрі сенімді қолжетімділікті қамтамасыз ететін жоғары технологиялық оператор.


QTR құндылықтары

  • Тиімділік: біз барлық ресурстарымыз бен құралдарымызға ұқыпты әрі құрметпен қарау арқылы ең үздік нәтижелерге қол жеткізуге сенеміз.
  • Сапа: біз тұтынушыларымыздың барлық қажеттіліктерін өтеу үшін әрбір клиент пен қызметкердің ризашылығына ие болудың маңыздылығына сенеміз.
  • Кәсібилік: қызметкерлеріміздің жан-жақты білімі мен тәжірибесі компаниямызға өз жұмысын мүлтіксіз атқаруға және күрделі міндеттерді тиімді әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді.

Напишите ваше сообщение

Онлайн консультант