2026 жылдың II тоқсанындағы телерадиохабар тарату желілеріндегі жоспарлы-профилактикалық жұмыстар.
2026 жылдың II тоқсанындағы телерадиохабар тарату желілеріндегі жоспарлы-профилактикалық жұмыстар.
2026 жылғы 15 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс жүргізу кезінде Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа ажыратуға мүмкіндік беретіндіктен, бұл кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

