Даму стратегиясы
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы — Қазақстан Республикасының халқын эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы теледидар және радиохабар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық оператор.
Қызметтің стратегиялық бағыттары:
1. Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық ресурстарға тең әрі кепілді қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету:
— цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу және дамыту;
— жерсеріктік телерадиохабар тарату желісін дамыту;
— мемлекеттік радиохабар тарату желісін енгізу және дамыту;
— интернет-хабар таратуды дамыту;
— мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету.
2. Қызмет көрсету нарығын дамыту:
— ЦЭТТ (цифрлық эфирлік телехабар тарату) желісіндегі республикалық телеарналардың хабар тарату торына аймақтық контентті ендіру;
— жерсеріктік байланыс арналарын пайдалана отырып, қызметтер аясын кеңейту;
— деректерді беру және Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін кеңейту.
3. «Қазтелерадио» АҚ қызметінің тиімділігін арттыру және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру:
— қызмет тиімділігін арттыру және тәуекелдерді бағалау;
— адами ресурстарды басқару тиімділігін арттыру.
Қоғам қызметінің негізгі түрлері:
— телерадиохабар тарату, деректерді беру, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету үшін меншікті ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін жобалау, салу және пайдалану, сондай-ақ жалға алынған желілерді пайдалану;
— телерадиохабар тарату және телекоммуникация желісінің қолданыстағы материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалану, соның ішінде арнайы және қорғаныс мақсатындағы телекоммуникациялық жүйелерді конверсиялау, оларды әлемдік жаңа технологиялық әзірлемелермен біріктіру, осы негізде заманауи ұлттық цифрлық эфирлік телерадиохабар тарату, жерсеріктік телерадиохабар тарату және деректерді беру жүйесін құру;
— көпбағдарламалы жерсеріктік, кабельдік және эфирлік теледидар мен радионы, соның ішінде мемлекеттік және коммерциялық телерадиобағдарламаларды, отандық және шетелдік өндірістің білім беру және оқу бағдарламаларын таратуды енгізу, пайдалану және осы бағытта қызметтер көрсету;
— жоғары сапалы теледидар және радиохабар таратумен қамтамасыз ету;
— телерадиохабар тарату саласында қызметтер көрсету, соның ішінде телевизиялық және радиобағдарламаларды бірбағдарламалы эфирлік трансляциялау және цифрлық теледидар мен радио желілері арқылы бағдарламаларды көпбағдарламалы эфирлік трансляциялау;
— телевизия, радиохабар тарату, жерүсті ғарыштық байланыс жүйелері, цифрлық телерадиохабар тарату және кабельдік теледидар саласындағы озық технологиялар негізінде техникалық құралдарды дамыту және жетілдіру;
— жаңа байланыс қызметтерін көрсету мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізу және телерадиохабар тарату құралдарын әзірлеу;
— Қоғам қызметінің негізгі түрлеріне сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды орындау.

